[:kz]
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа жемқорлық ісі бойынша айып тағылды деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы адкокат Сергея Слесарев мәлімдеді.
Заңгер онда әлі ақпарат аз екенін атап өтті.
Бірақ айыптаудың Батукаев ісіне, атап айтқанда оның босатылуына қатысты екені белгілі болған.
Қылмыстық ортада үлкен беделге ие Азиз Батукаев 13 жыл бұрын 17 жылға сотталған. Оған Бішкекке жақын орналасқан колониялардың бірінде төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылды.
Осы қақтығыс салдарынан депутат Тынычбек Ақматбаев, үкімдерді орындау жөніндегі бас дирекцияның басшысы Икматулла Полотов және екі парламент қызметкері қаза тапты.
Алайда, дәл сол 2013 жылы ол түрмеден босатылды. Айыпталушыға медициналық комиссия соңғы сатыдағы рак диагнозын қойған. Батукаев бостандыққа шыққаннан кейін жаңа төлқұжатпен елден кетті.
Кейінірек оны босатуға жоғары лауазымды шенеуніктердің қатысқаны анықталды.
Бұл іс бойынша жалған диагноз қойған бірнеше дәрігерлер, премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Шамиль Атаханов, елдің денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Динара Сағынбаева және жазаны орындау мемлекеттік қызмет төрағасының бұрынғы кеңесшісі Қалыбек Качқыналиев ұсталды.
Оларға бірнеше айып тағылды.
[:]