АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Атаулы әлеуметтік көмек алушы 21 мың отбасы табысын жасырғаны белгілі болды[:]

[:kz]

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеудің заңдылығын қадағалайды деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жұмыс топтарының өңірлерге шығуы және ақпараттық жүйе базасында жүргізген талдау барысында учаскелік комиссиялардың отбасының материалдық жағдайын анықтауға немқұрайлы қарау, кәсіпкерлік қызметтен түскен табысты «жасанды» төмендету, еңбек қатынастары мен жеке қызмет бойынша тіркеудің болмау фактілерін анықтады.

Осылайша, АӘК алушылар тарапынан табыстарын жасыру ең көп таралған бұзушылық болып отыр.

Кейбір азаматтар өздерінің табыстарының АӘК беру өлшемдерінен асып түсетінін біле отырып, олардың мөлшерін төмендетіп, әлеуметтік қызметтерге жалған ақпарат берген.

«Е-Халық» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, 21 мыңға жуық отбасы табысы төмен және мұқтаж отбасыларға ғана берілетін атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алу үшін өздерінің нақты табысын жасырған.

Осыған байланысты, Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұза отырып рұқсатсыз төленген төлемдерді қайтару және қайта қарау, заңбұзушылықтардың алдын-алу бойынша әрбір анықталған факті бойынша жеке-жеке жұмыс жүргізеді.

 

[:]