АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Атырау облысында қолғап кимеген дүкен иесі үш күнге қамалды [:]

[:kz]

Лучшие высококачественные черные нитриловые перчатки одноразовые ...

Атырау облысында қолғап кимеген кәсіпкер 3 күнге қамалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Атырау облысында қолғап кимеген дүкен иесі үш күнге қамалды

NUR.KZ Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мобильді топ арнайы рейд барысында Исатай ауданының Аққыстау селосында төтенше жағдай талабы бұзылғанын анықтапты. Жеке азық-түлік дүкені бар кәсіпкер бір реттік медициналық қолғап кимей, келушілерге қызмет көрсеткен. «Осылайша, төтенше жағдай кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық шараның талабын бұзған. Құқық қорғау органдарының өкілдері кәсіпкерге қатысты хаттама толтырып, сотқа жолдады», -деп хабарлады ведомство өкілдері. Исатай аудандық соты бұл істі 30 наурызда онлайн режимде қарады. Сот кәсіпкерді кінәлі деп танып, оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 6-тармағымен 3 күнге қамауға алу түріндегі жаза тағайындады. Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 386 науқас тіркелді. Сонымен қатар, 1 сәуір күні Қазақстанда жаңа вирустан үшінші адамның көз жұмғаны мәлім болды. 62 жастағы ер адам ауруханалардың біріне 30 наурызда түскен. Науқаста екі жақты пневмония мен тыныс алу жетіспеушілігі болған. Жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау боксына жатқызылған. Ер адамның диагнозы ол көз жұмған соң ғана расталды.

kaz.nur.kz

 

[:]