АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Атырау тұрғындарына жол құрылысын салу процесін онлайн режимде бақылау ұсынылды[:]

[:kz]

«Атырау Цифрлық Қабылдау» қалалық мобильді қосымшасында жол құрылысының ағымдағы көлемін көруге мүмкіндік беретін «Жол» модулі ашылды.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің айтуынша қазіргі кезде модульде құрылыс жүріп жатқан жол учаскелері, сондай-ақ құрылысы жоспарланған учаскелер бейнеленген. Тұрғындар олардың арасынан өздеріне қажетті көшені таба алады және жол құрылысына қатысты өз пікірлерін қалдыруларына болады.

— Қазіргі уақытта аталған модуль тестілеу сатысында, біз қала тұрғындары өз ұсыныстарымен соңғы нұсқасын қалыптастыруға көмектеседі деп үміттенеміз, — деді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде. – Пайдаланушылар өз көшесін таба алады және жол құрылысына қатысты өз ұсыныстарымен бірге бізге хабарлама, фото немесе бейне жібере алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Атырау облысында 371 шақырым жол салынды, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 2 есе артық. Осы жылы облыс орталығындағы жолдарды салу мен жөндеуге ерекше көңіл бөлінеді, желтоқсанға дейін жалпы ұзындығы 280 шақырым болатын 330 көшеге асфальт төсеу жоспарлануда.

 Алтынорда

[:]