АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Атырауда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып соғып, тепкінің астына алған[:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде атыраулық балабақшада түсірілген  жұрттың жағасын ұстатарлық видео таралды. Бейнежазбада тәрбиешінің балабақшадағы бүлдіршінді аямай ұрып жатқаны байқалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«2019 жылы 18 қарашада Атыраудағы «Алтын балық» балабақшасының тәрбиешісі менің баламды бірнеше соққының астына алғаны белгілі болды. Балабақшада түсірілген 25 бейнежазба бар. Алайда мекеме қызметкері әлі балалармен жұмыс істеп жүр», — деп жазыпты баланың әкесі. 

Ер азаматтың сөзінше, олардың шағымданбаған жері жоқ. 
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Эльмира Ешниязова 🏠ИНСТА-АСАР✊ (@elmira_eshniyazova)

«1 жылдан астам уақыт өтсе де, еш нәтиже жоқ. Прокуратура да, қалалық полиция бөлімі де қол қусырып отыр. Бұл 13 ай біздің отбасымыз үшін қиынға соқты. Біз ата-ана ретінде әділдік орнап, тәрбиешіні жауапқа тартуды сұраймыз», — деп қосты ол. 

Бұл үндеуін атыраулық азамат Қазақстанның бас прокуратурасына, Ішкі істер, білім және ғылым, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлеріне, Атырау облысының әкімі мен балалар құқығы жөніндегі өкілетті уәкіл Аружан Саинға жолдаған. 

Өз кезегінде құзырлы органдар бұл оқиғаға қатысыт пікір білдірі. 

«№20 «Алтын балық» балабақшасында тәрбиеші баланы ұрып соққан. Арыз бүлдіршіннің ата-анасынан түсті. Қазіргі таңда шағым білім беру саласының бақылау департаментінде тіркелді. Балабақша тәрбиешісіне айыппұл салынып, жұмыстан қуылды. Қазіргі таңда іс ІІМ қаралуда», — делінген ресми хабарламада. 

  Видео Эльмира Эшниязованың истаграм парақшасынан алынды 

 

[:]