[:kz]
Атырау облысында кешкі уақытта Атырау-Индер тас жолында адам өліміне әкеп соққан үлкен апат болды.
52 жастағы әйел апат салдарынан қайтыс болды, деп жазады «Ақ Жайық» ақпараттық порталы.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көлік жүргізуші әйелімен бірге «Газель» көлігін басқарған. Осы кезде салонда түтін пайда бола бастады.
Әйелін аман алып қалу үшін ер адам оған «көліктен секір» деген. Әйел күйеуінің кеңесіне құлақ асып, секіріп кетті, бірақ өз көлігі дөңгелегінің астына түсіп қайтыс болды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
[:]