АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Атырауда қызмет барысында қаза тапқан полицейге мемлекеттік марапат берілді[:]

[:kz]

Шалқар Ақымғалиев Фото: ҚР ІІМ, instagram.com/atyrauoil.official Атырауда қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкері Шалқар Ақымғалиевқа қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік марапат берілді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оған қоса, Ішкі істер министрі көз жұмған тәртіп сақшысының туыстары материалдық көмек алатынын айтты.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қызметкерлері полицейдің қайырымдылық есебіне 29 млн теңге жинаған.

Айта кетейік, 21 наурыз күні 24 жастағы Шалқар Ақымғалиев көпірден секірмек болған қызды құтқарамын деп көз жұмды.

Марқұм полицейдің артында жанұясы мен қалыңдығы қалды.

Дариға Назарбаева ерлікпен көз жұмған тәртіп сақшысының жақындарына көңіл айтты.

KAZ.NUR.KZ.

[:]