АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Атырауда мүгедек арбасына таңылған азамат құлдықтан қалай құтылды?[:]

[:kz]

Атырауда туғаннан екі аяғы жоқ азамат базарда қайыр тілеп, тапқан ақшасынан қағылып отырған. 1990 жылы Шымкентте дүниеге келген Анатолий Саяпин алаяқтардың арбауына түсіп, азапты күндер кешкен деп хабарлайды деп жазады  «Ақ Жайыққа   сілтеме жасаған

Фото: Видеодан кадр/ Ақ Жайық

Фото: Видеодан кадр/ Ақ Жайық

10 жасына дейін туған анасымен тұрған Толик кейіннен мүгедектерге арналған интернатта тәрбиеленеді. Алғашында Шымкентте қайыр тілеп жүрген ол Атырауға 2010 жылы барады.»Кейін вокзалда Атыраудан келген әйелдермен таныстым. Гүлзат пен оның қызы Жейран. Бірінші рет Атырауға 2010 жылы келдім: қайыр сұрап отырдым, жинағаным аз болған жоқ, кейін ақшамен Шымкентке кері кеттім. Алайда, осы келгенде манағы әйелдердің қолына құлдыққа түстім.

Бастапқыда олар ақшаны пәтерге кезекке қоямыз деп алды. Ал, кейін қорқытып, ұрып-соғып алатын болды. Гүлзат «егер тыңдамасаң, жігіттерге айтып мойыныңды үздірем, бұл жерде менің мықты таныстарым бар» деді. Мен өз өмірім үшін бағынуға мәжбүр болдым», — дейді Анатолий.

Құлдықтың зардабын тартқан азамат бұл туралы 2018 жылы күзде полицияға хабарлағанын айтады. Алайда, сол уақыттан бері Саяпиннің өмірінде ештеңе өзгере қоймаған екен.

Амалы таусылған ол қайырымды жанның көмегімен бейнежазба түсіріп, басындағы жағдайын баяндап беріпті. Осылайша, Анатолий «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына» жіберілген.

«Кейін полицейлер, тергеушілер келді, ұзақ уақыт сұрақтың астына алды, содан осы орталыққа алып келді. Тергеуші маған менің құлдықта жүрмегендігімді, менің бостандығымды ешкімнің шектеп жатпағандығын түсіндірді», — дейді ол.

Бүгінде орталықтағы өміріне көңілі толған жігіт кінәлілер жазасын алса дейді.

 

 
 

[:]