АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Атырауда жасөспірім қыздардың төбелесі видеоға түсіп қалды[:]

[:kz]

Атырауда колледж студенттері сабақтан шыға сала, шаштарын жұлып, төбелесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Төбелес Атырау қаласында орналасқан Құқық және бизнес колледжінің маңайында болған. Сабақтан шыққан осы колледждің қыздары бір-бірлерімен төбелесіп, шаштарын жұлып, тепкінің астына алған. Жасөспірімдердің не үшін төбелескені белгісіз.

 

“Төбелескен жасөспірімдер анықталып, ата-аналарына хаттама толтырылды. Іс Атырау облыстық ауданаралық мамандандырылған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотына жолданды, — деп хабарлады Stan.kz тілшісіне Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот істің әлі келіп түспегенін мәлімдеді. Сол себепті әзірге соттың тентек қыздардың ата-аналарына қандай жаза қолданатындығы белгісіз.

Атырауда жасөспірім қыздардың төбелесі видеоға түсіп қалды.

[:]