[:kz]
Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен 1,5 жастағы баланың денесі үйдің жанынан табылды. Бұл туралы облыстың жедел штабында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Баланың денесі өзі тұрған үйдің жанындағы кәріз құдығынан табылған.
Бұған дейін Атырауда 1,5 жастағы баланың жоғалып кеткені хабарланды. Әли 20 мамыр күні шамамен 13.30-да үйден шығып, оралмаған.
Жоғалған баланы іздеуге жүзден астам полицей, 50 әскери қызметші, ТЖД-нің 16 қызметкері және 400-ге жуық ерікті қатысты. Сонымен қатар, 20-дан астам автотехника, үш дрон, екі қызметтік ит жұмылдырылды.
[:]