АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Атыраудағы мұнайшылар көтерілісі: Әкімдік бойжеткеннің суретіне қатысты түсініктеме берді[:]

[:kz]

Әлеуметтік желілерде 29 маусым күні Атыраудағы «Теңіз» кен орнында болған мұнайшылар көтерілісі кезінде шетел азаматымен суретке түскен қазақ қызының соққыға жығылғаны туралы ақпарат пен сурет тарады. Әкімдіктегілер аталған суретке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kzтілшісі. 

Атырау әкімдігінің қызметкері Серік Ерментаев дәл қазір өңірде жағдайдың тұрақталғанын айтады. Тек бірнеше ондаған адам жеңіл жарақат алған. 

«Дәл қазір Теңіз ықшам ауданында жағдай тұрақты. Алдыңғы күні 30-дан астам адам жеңіл дене жарақатын алды. Оларға дәрігерлер уақытылы көмек көрсетті. Осы кезде өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», — деді ол. 

Әрі қарай әкімдік қызметкері желіде тарап жатқан суреттерге қатысты пікір білдірді. 

«Шетел азаматымен суретке түскен қыздың аяусыз соққыға жығылғаны, тағы бір ер адамның басын металмен тесіп тастағаны туралы ақпараттардың барлығы жалған. Сөзімнің растығына интернеттен тексеру арқылы көз жеткізе аласыздар. Теңіздегі бұл шиеленіске қатысты түрлі жалған ақпарат өріп жүр. Біз азаматтардан ел тыныштығы үшін жалған ақпарат таратпауын сұраймыз», — деді олар. 

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 29 маусымы күні сағат 11:00 шамасында «Тенгизшевройл» вахталық шағын ауданында Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР) компаниясының қызметкерлері жұмыс учаскесіне шығып, наразылық білдірді. Оқиға орнына тиісті органдар мен әкімдер барды. Кейін көтерілістің жұмыс теңсіздігіне байланысты туындағаны белгілі болды. 

 Stan.kz

[:]