[:kz]
Перинаталды орталықтың қызметкерлері жұмыстан кету туралы өтініш жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.
«Бүгінгі күні облыстық перинаталды орталықтың 31 қызметкері қызметінен кету туралы өтініш жазды. Денсаулық сақтау басқармасы, министрлік және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері олармен жұмыс істеп жатыр. Олар өз жұмыстарын жалғастырады. Біз дәрігерлермен диалог құру үшін барлығын жасаймыз. Олардың әрқайсысы білікті маман, күнделікті адам өмірі үшін күресуде», — деп түсіндірді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Серікжан Ерментаев.
Еске сала кетсек, Атырау облысында перзентхана басшысы мен акушер-гинекологы жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты күдіктеліп отыр. Олар нәрестені тоңазытқышқа салып қойып, өлтірген деп айыпталуда. Атырау облысында тоңазытқышта өлген сәби үшін перзентхана басшысы қамауға алынды. Аталған қылмыс басшының телефонын тыңдау барысында анықталды.
[:]