АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ау, есегім, қатты кетсем, кешірші, сенің ГАИ-де туыстарың барын білмеппін …[:]

[:kz]

«Ер азығы жолда» деген мəтелді мықтап ұстанып алған бір ГАИ-щник күні бойы жол шетінде тұрып, түк таппапты… Қалтасы мен жүйкесі қатар жұқарып тұрса, алдынан есегін тепкілеп, əрең келе жатқан шалды тоқтатыпты… 

-Ау, ағасы неге жылдамдықты асырасыз? -депті əлгің…

-Ау, балам-ау, қамшыласаң жүрмейтін мына есекте қайдағы жылдамдық?-десе,

-Жазықсыз жануарды неге сабайсыз?Дереу есегіңнен кешірім сұра-демесі барма.

Сөйтсе шал есегінен түсіп, алдына тізерлей кетіп:

-Ау, есегім, қатты кетсем, кешірші, сенің ГАИ-де туыстарың барын білмеппін-депті…

Ал, күле салыңыз…))))

 

Багдат Амангельды

Фейсбуктегі парақшасынан

 Alashainasy.kz 

[:]