АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әуе апатына ұшыраған Ан-26: Диспетчер мен экипаж әңгімесінің аудиожазбасы жария болды (видео)[:]

[:kz]

 

Алматы әуежайының диспетчері мен апатқа ұшыраған Ан-26 ұшқыштары арасындағы әңгімелесудің аудиожазбасы интернетте пайда болды. Жазбаны журналист Михаил Козачков өзінің telegram-каналында жария еткен.

Аудиожазбаның ұзақтығы жарты сағаттан асады. «Жазба ұзақ, жарты сағаттан асады, бірақ егер сіз оны тыңдасаңыз, қону үшін айналаның көріну деңгейі жеткілікті болғанын, бірақ сонымен бірге ұшқыштарға қатты турбуленттілік пен мұз басу туралы ескертілгенін түсінуге болады», — деп жазады журналист.

Сонымен қатар, журналистің мәліметтері бойынша, ҰҚК шекара қызметінің бір ұшағы емес, екі бірдей ұшағы қонуға рұқсат сұраған. «Ұшақтар қосарлана ұшып жүрді. Неліктен апатқа ұшыраған ұшақтың ұшқышы айналып өтуді шешкенін әңгімелесудің аудиожазбасынан түсіну қиын, ол техникалық ақаулар туралы хабарламайды.

Мүмкін ол өзінің бағытынан айрылып қалған болар — бұл тәжірибелі ұшқыштардың бірінің болжамы», — деп жазды Козачков. 

 

 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына қатысты пікір білдіріп, қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып,

жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тілеген. Көп ұзамай, Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімі белгілі болды. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілердің фотосуреттерін жариялады.

Автор: Жұлдыз Кенжегалиева

 

kaz.nur.kz

 

[:]