[:kz]
«Соққыларым өте күшті. Ұрған адамым қайтып тұрмайды», деп кеуде қақты Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты Жаңасаз ауылының тұрғыны Мырзат Әбдірахманов. Бұл туралы Caravan.kz хабарлады.
Өзінің атақты боксшы болғысы келетінін айтқан жігіт шетелдегі шаршы алаңда қара маржандарды да бағындырамын. Соққыларым Геннадий Головкиндікі сияқты ауыр.Тіпті оның өзімен де шыққым келеді, оны да ұрып құлатамын, дейді.
Жамбыл облысынан шыққан танымал боксшылар Бақтияр Артаев, Ермахан Ибраимов сияқты болғысы келетінін айтқан Мырзат ойын жүзеге асыру үшін халықтан қолдау жетпейтінін жеткізген.
kaz.caravan.kz
[:]