АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ауылдың мәселелері[:]

[:kz]

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бақытбек Баткеев, Бауыржан Қаскырбаев және Анна Емцова Заря, Кеңес округтары және Ольгинка ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ауқымды бағдарламаның бірінші тармағы Ольгинка ауылының «Ертіс» ШҚ еңбек ұжымымен кездесу болды. Іс-шараны аша отырып, Бақытбек Баткеев әріптестерін таныстырып, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының жеті бағыты туралы айтып берді.

– Партия бағдарламасы еліміздің барлық елді мекендерінің, соның ішінде Павлодар ауданы тұрғындарының өтініштер негізінде құрылды. Осы жылдың тамыз – қазан айларында праймериз өткізу барысында біз партияластармен ғана емес, халықпен де кездесіп, сұрақтар мен ұсыныстар жинадық. Олардың көпшілігі бағдарламаға кірді. Осы сайлау кезеңінде біздің партия әр аудан, қала, облыс бойынша 200-ден астам бағдарлама құрып, бекітті, – деп түсіндірді Бақытбек Тілеубайұлы.

Одан әрі кандидаттар аудандық сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді.

Атап айтқанда, Бауыржан Қасқырбаев ауылдағы жастардың бос уақытын ұйымдастыру мен спорт дамуы туралы хабардар етіп, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына толығырақ тоқталды. Анна Емцова білім беру саласына назар аударып, Ольгинка мектебінің мысалында партиялық жобаларды іске асыру туралы айтты. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы бұл оқу орнында мультимедиялық жүйемен және жаңа жабдықтармен жабдықталған заманауи химия және информатика кабинеттері ашылды.

– «Nur Otan» партиясы тек ілгерілеуге бағытталған, – деп атап өтті Анна Валерьевна.

Үміткерлердің сөздерінен кейін ольгиндіктер өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Үш баласының анасы Елена Михайлованың Интернет байланысының жоқтығы басты назарда болды. Сондай-ақ, оның үйінің жанындағы қарды тазаламайтынын айтты. Жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша жеке тілектер айтылды. Үміткерлер барлық сұрақтар бойынша түсініктеме берді.

Новоямышево мен Заряда кандидаттарды аға буын адамдар күтті. Партиялықтардың сөздерінен кейін олар бірден өз өтініштерін айта бастады.

Мәселен, зейнеткер Элла Вебер дәріхананың жоқтығына шағымданды. Жергілікті амбулаторияда дәріхана ашылған, бірақ онда дәрі-дәрмек жоқ, деді ауыл тұрғыны.

Көпбалалы ана Меруерт Сәметай жарты жылдан астам уақыт бойы үйде Интернет-байланыс орната алмай жүр, ал зейнеткер Айман Ахметова мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алғанда қиындық көрді. Әйтім тұрғыны Жәмилә Айтмолдина өз ауылында су өткізу туралы сұрақ қойды. Ал зейнеткер Салихан Құлжике дүкендегі тауарлар қымбаттығына шағымданды.

Бақытбек Баткеев әрбір мәселе бойынша толық түсінік берді. Атап айтқанда, ол 2025 жылға дейін ауданның барлық ауылдары сумен қамтамасыз етіліп, ондағы жолдар жөнделетінін айтып, ауыл тұрғындарын сендірді. Сондай-ақ, ол Кеңес округі тұрғындарының басқа да алаңдаушылықтарын шешуге уәде берді.

Заря ауылдық округінде үміткерлер келесі жылы ауылдарындағы өзгерістер туралы хабарламамен тұрғындарды қуантты. Заря мектебі мен оған іргелес аумақта күрделі жөндеу жүргізіліп, бірнеше кентішілік жолдар абаттандырылатын болады. Ауыл тұрғындарының бірде-бір мәселесі назардан тыс қалған жоқ.

Барлық кездесулердің соңында кандидаттар халықты сайлауда нақты істер партиясына, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды!

 

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихаты депутаттарын сайлауда «Nur Otan» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

[:]