[:kz]
«Мен балаларым үшін уайымдаймын», — дейді ауыл тұрғыны.
Екі иттің бір үйір қасқырмен арпалысып,текетіресіп жатқан видеосы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Қасқырлар мен иттердің арпалысы Ресейдің Архангельск облысына қарасты Ненокс ауылындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған екен. Түз тағылары мен үй жануарларының тайталасқан сәтінің видеосы youtube-та тарады.
29.ru порталы жариялаған дереккөзіне сүйенсек, жыртқыш аңдар 3 желтоқсан күні таңғы 06:30 шамасында шабуыл жасаған.
«Ауыл тұрғындары екі үйір болып, алты-алтыдан және төрт-төрттен топтасып жүрген қасқырларды көріпті. Тіпті, жалғыз жүрген қасқыр да бар екен. Осы жағдайға байланысты шара қолдану керек. Мен балаларым үшін уайымдаймын! Білуімше, әлгі жыртқыштар ауылдың 15 итін өлтіріп кеткен», — дейді видеоны жіберген ауыл тұрғыны.
Видеоның астына көрермендер «Аңшылар қайда, бұларды бірден атып тастау керек еді. Лағып жүр ғой», «Қасқырлар ешқашан қайырымды жануар болмаған», «Осы үйдің тұрғыны олардың ізіне түсіп, ұясын тапқан болар деп үміттенемін», «Сұмдық, сұмдық, бұл жануарлар бір-бірін жей береді», «Иттердің қожайы оларды қорғаудың орнынан қарап, түсіріп тұр. Ақымақ екен. Ал ит болса, өз аумағын қорғап әлек», — деп, видео авторының әрекетіне кейістік білдіруде.
[:]