[:kz]
Пайғамбардың үш қиянатқа тыйымы
Бiрiншiсі: иянат (жала)
Иянат,
Иянат түбi – қиянат.
Екiншiсi: hиямат (уәдеге опасыздық)
Һиямат,
Һиямат та – қиянат.
Үшiншiсі: аманат.
Аманат,
Аманатқа қылма қиянат.
Осы үшеуiнiң бiреуiн бұзсаң, қиямет қайымдағы орның – тозақ болмақ. Ол қиянатты – ораза, намаз, пiтiр-садақа да жуып кетiре алмайды екен. Қажылықтың жеңiлдiк берер-бермесi ашып айтылмаған.
Соған қарағанда: күнәнiң ең ауыры — қиянат. Қарыздың ең ауыры – уәде болғаны ғой.
Шындығында да, тiрi пенде қылдай қиянат жасамаса, уәдесiнде тұрып, айтқан сөзiнiң бәрi орындалса, онда о дүниедегi жұмақ – осы дүниеде, әлгi әлемдi елес боп кезiп жүрген «коммунизм» бүгiн-ақ орнар едi-ау.
Ең бастысы, «қағаз жолбарыстардың» орнында таза жолбарыстар отырар едi.
Жалған жобалар мен жолдаулардан баспасөздiң белi босап, рухани мәдениеттiң де жерi кеңiп қалар едi-ау.
Бiрақ Қиянат пен Иянаттың көкесi – Зиянат сонда басталмасын!
Ендеше, осыған да шүкiр, ә!
Тұрсын ЖҰРТБАЙДЫҢ күнделігінен
/zhasalash.kz
[:]