АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ауызашар кезінде бала-шаға қаптап кетеді…[:]

[:kz]

 

 

Әлеуметтік желіде бір әйел кісінің аудиожазбасы жарияланды. Ол мынадай пікір білдіріп отыр:

 

«Қадірлі тораптастар, баршаңыздың тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!

 

Мен өзімді ойландырып жүрген бір іс туралы сіздерге айтсам деп отырмын. Мұның тура ма, қате ме екенін білмеймін, қате болса, кешіре жатарсыздар.

 

Айтайын дегенім – қазір жамағат мешіттерде ауыз­ашарлар беріп жатыр ғой, сол кезде орын алатын бірнеше келеңсіз жайларды бір мәдени түрде тәртіпке салса болар ма екен деп ойлаймын.

 

Жылда мешіттерде туған-туысқанға ауызашар беріп жатамыз. Сол кезде балалар жағы өте мәдениетсіз болып бара жатыр. Соны мешіт имамы бола ма, басқалар бола ма, мәдениетті түрде тәртіпке салар ма екен деген жеке пікірімді ортаға салайын деп отырмын. Айтқаным қате болса, кешірерсіздер.

 

Мешітте ауызашар беріп жатқанда балалар көп. Таяуда намаздан шыққан жамағатқа орын жетпей қалғанын көрдім. Орынға балиғат жасына толмаған балалар келіп отырып алған. Сондықтан намаздан шыққандардың кейбірі ауызашарға қарамай кетіп қалды.

 

Ауызашар болған күндері 50 – 60, тіпті 100 балаға дейін болатын шығар кей жерлерде. Тағы бір ауызашарда, туған-туысын шақырып отыр ғой енді, қаптаған баланы қойға ұқсатып қайырып тұр. «Үлкендер ауыз ашып алсын», – дейді.

 

Осындай келеңсіз көріністер жылда қайталанады. Осыны бір тәртіпке салған жөн бе екен деймін.

 

Әрқайсыңыз әр облыстансыздар, сіздерде мешітте қалай екенін білмеймін, өз төңірегіңіздегіні өздеріңіз білесіздер. Ауызашар беріп жатқандар да қазақтар, онда топырлап жүргендер де қазақтың балалары ғой, әрқайсысының ата-анасы бар. Осы мәселені мәдени түрде тәртіпке салу туралы өздеріңізден кеңес сұрап отырмын».

 

…Бұл кісі осылай дейді. Айтуынша, бұл келеңсіз құбылыс күні кеше ғана пайда болмаған сияқты. Асқынып кетпей тұрғанда оны бір тәртіпке салу керек-ау. Ауызашар кезінде (жалпы, қай кезде болса да) мұсылман әдебінің сақталуы керегін ешкімнің де ұмытпағаны, балаларына айтып, үйрете жүргені дұрыс-ау

zamana.kz

[:]