[:kz]
«Аузына түкіру» дегенді үлкен адамдарға тапсыру керек. Ол 25-30 жастағы жастардың істейтін тірлігі емес. Керісінше, өмір көрген, көпті білетін, халықтың қошеметіне бөленгендер түкіру керек. Ал жастардың бұл әрекетін мен құптамаймын»,- дейді Нағима Есқалиева.
Төреғали Төреәлі, Димаш Құдайберген, Ернар Айдар! Шоу-бизнестегі жастардың бүлдіршіндердің «аузына түкіруі» аға буынның қытығына тиіп жүр, деп хабарлайды Shownews.kz.ға сілтеме жасаған Skifnew.kz ақпарат порталы Бүгінде Төреғалиға ұқсағысы келетін бүлдіршіндер көп. Ұсыныстан «ұлы дала баласы» да бас тартпайды. Соңғы кездері шоу-бизнесте «ауызға түкіру» ырымы белең алғанымен, бұл үрдіс аға буынға жақпай келеді.
«Біреудің пікірінше Төреғали бәрінен биік тұрған шығар. Бірақ, бұрындары абыздарға, билерге түкірткізген. Аузының киесі бар адамдар болады, айтқаны дәл келетін. Бұл дәстүрді сол кісілірге тапсыру керек. Кім көрінгенге түкірте беруге болмайды. Ұят нәрсе ғой», — деді Рамазан Стамғазиев.
Дәстүрлі әншінің пікірі Нағима Есқалиеваның ойын дөп басқандай. Орда бұзар жасқа жетпесе де, бата беріп, «ауызға түкірген» жастардың қылығы халық әртісінің де қытығына тисе керек.
«Аузына түкіру» дегенді үлкен адамдарға тапсыру керек. Ол 25-30 жастағы жастардың істейтін тірлігі емес. Керісінше, өмір көрген, көпті білетін, халықтың қошеметіне бөленгендер түкіру керек. Ал жастардың бұл әрекетін мен құптамаймын»,- дейді Нағима Есқалиева.
Отандық шоу-бизнестегі «ауызға түкірудің» шеберлері тек Төреғалимен шектелмейді. Бұл тізімде Ернар Айдар да бар. Жас буынға ұсыныс түсе қалса, бірден бас тартпайтын көрінеді. Десе де, Рамазан Стамғазиевке «балам сізге ұқсасын. Аузына түкіріп беріңізші» деген сынды өтініштер көп түсетін көрінеді. Бірақ, дәстүрлі әнші бұл ырымнан түбегейлі бас тартады.
«Ауызға түкіру дегенді жиі кездестіремін. Маған да «баламның аузына түкіріп берші деген ұсыныстар жиі түседі. Бірақ, мен оған қарсымын. Не керегі бар? Кім біледі, түкірткізген адамның аузында насыбайы бар шығар. Мүмкін біреуі темекі шегетін шығар. Ал енді бірі өтірік сөйлейді, өтірік саясаткер. Сынықтан басқасының бәрі жұғады емес пе? Сондықтан өмірге енді ғана келген сәбидің аузына түкірткізгені дұрыс емес», — деді Рамазан.
Ал Азаматтың дәл осы дәстүрге қатысты түсінігі тым басқа. Сатыбалдының сөзінше, ауызға түкіру — ежелден қалыптасқан сенімнің бір түрі.
«Аузына түкіру» деген — ең алдымен ырым. Сондықтан да одан қорқудың, жатырқаудың қажеті жоқ. Түкіргеннен өліп қалған немесе жұқпалы аурумен ауырған адамды көрген емеспін. Керісінше, қазіргі таңда «Менің аузыма пәленше түкірді. Соның арқасында осындай адам болып жүрмін» дегенді көп естимін»,- деді Азамат Сатыбалды.
Қазіргі таңда ұл-қызының Димаш секілді дүлдүл әнші болғанын қалайтын ата-аналар да аз емес. Әлем таныған қазақ баласы ұлттық өнерді шетелде ұлықтап қана қоймай, ырым-тыйымдарды да естен шығарған емес.
[:]