АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Австралиялық жасөспірім мұсылмандарға жала жапқан сенатордың басын жұмыртқамен «жарды» (видео)[:]

[:kz]

 

Австралиялық жасөспірім мұсылмандарға тіл тигізген шенеунікке жұмыртқа лақтырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сенатор журналистерге «Жаңа Зеландиядағы болған терактіге мұсылмандардың өзі кінәлі. Бұл олардың фанатизмінің салдары» деп пікір білдірді. Осы сәтте австралиялық жасөспірім сенатордың басына жұмыртқа лақтырды. Кейін бұл кикілжің төбелеске әкеліп соғады. 

Аталмыш видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түседі. Көпшілік австралиялық жасөспірімнің іс-әрекетін қолдап, сенаторды даттап жатыр.

Еске сала кетсек, жұма күні таңертең Жаңа Зеландия халқы ғана емес, күллі мұсылман қауым қара жамылды. Жаңа Зеландиядағы 2 мешітке шабуыл жасалды. Крайсчерч қаласындағы  Әл-Нұр мешітінде 49 адам көз жұмды. Брентон Таррант өзінің бұл әрекетін теракт деп бағалады. Сондай-ақ ол болған оқиғаны видеоға түсірген. Еске сала кетсек, жұма күні таңертең Жаңа Зеландия халқы ғана емес, күллі мұсылман қауымы қара жамылды. Жаңа Зеландиядағы 2 мешітке шабуыл жасалды. Крайсчерч қаласындағы  Әл-Нұр мешітінде 49 адам көз жұмды.

 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

«Қамшы» сілтейді

 

[:]