[:kz]
Автобуста үлкендерге орын бермеген жас қыздардың әрекеті желіні шулатты, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.
Видео авторының айтуынша, ол Алматы қаласында №47 автобуста үлкендерге орын бермеген қыздарды тәртіпке шақырмақшы болған. Алайда қыздар оған сөз қайтарып, ұрыса жөнелген көрінеді.
Видео авторы: «Жасы кішкентай қыздар. Үлкен апаларға орын бермейді. Қазіргі жастардың тәрбиесі осы. Сұмдық. Неге орын бермейсіз? «, — десе,
Қыздар: «Мені түсіріп жатырсың ба? Телефоныңды жұлып, қолына беремін қазір! Орын бермеймін ал. Құқықтарың жоқ. Мен де сені түсіре аламын», — деп оған сөз қайтарса керек.
«Адырна» ұлттық порталы
[:]