АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Автоматты бірнеше секундта жинап, шетелді таңғалдырған қыз алматылық оқушы болып шықты[:]

[:kz]

Америка Құрама Штаттарының оқырмандарын жаулаған видео кейіпкері алматылық оқушы қыз. Үлкен танымалдылыққа ие болған роликте Камилия есімді ару АК-74 автоматын 46 секундта құрастырған. Оның әрекеті Twitter-дегі қолданушыларды таңғалдырған. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі оңтүстік астанадағы мектеп-лицей оқушысының болашақтағы арманын, мақсатын тыңдады.

Фото: Instagram/myrzahanova587

Фото: Instagram/myrzahanova587

Камилия Мырзаханова — Алматы қаласындағы №126 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушысы.

Оның көптеген хоббиі бар. Камилия тамақ пісіруді, сурет салғанды, домбыра тартқанды ұнатады.

Оқушы қыз үнемі волейбол, футбол, баскетбол жиі ойнайды.

Оның әскери мансапқа қызығатын көбісі біледі.

«Мен бала кезімнен әскери қызметте жұмыс істеген ағамның әңгімелерін тыңдағанды жақсы көретінмін және оның әскер өмірі туралы әңгімелерін тыңдауға бірнеше сағат жұмсайтынмын. 10-11 сыныптарда алғашқы әскери дайындық сабағының өтетінін естіген уақытта қатты қуандым
Осы сабаққа алғаш келетін күні таңғы сағат 4:30-да оянып, ұйықтай алмадым. Біздің мұғалім алғашқы әскери дайындық сабағының не үшін қажет екенін, оның патриотизмді тәрбиелейтінін айтты», — деді Камилия.

 
 

Оқушы қызға автоматты жинау және шашу әдістерін алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, запастағы лейтенат Айбек Найкин үйретті.

Бұған қатты қызыққан Камилия жаттығу барысында осыны жиі қайталап, әрекеттін видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

«Мен видео жазбаны ұстазыма көрсеттім. Ол кейбір жерінде қателік кеткенін айтты. Сосын автоматты жинап-шашуды тағы бір көрсетті. Мен желідегі видеоны өшіріп, жаңасын жүктегім келген. Алайда ол ролик желіде көп қаралым жинай бастады. Видео өте жылдам тарап, аз уақытта үлкен танымалдылыққа ие болды», — деді ол.

Оқушы қыз видео бұндай қызығушылық тудырады деп күтпегенін білдірді.

«Шетелдіктер маған хат жазып, қай жақтың тумасы екенімді, қайда оқитынымды сұрайды. Желіде пікір қалдырушылардың көбісі Ресейдің азаматшасы деп болжайды. Мен олардың барлығына Қазақстан туралы айтып, суреттер жіберемін. Шетелдіктердің көбісі біздің елге келгісі келеді», — деді Камилия.

Оның сөзінше, оқушы қыз оқырмандардың көптігіне ешқашан қызығушылық танытпаған, алайда үлкен танымалдылыққа ие болуды көздейді.

Камилия өз өмірін әскермен байланыстыруды армандайды.

 

 
 

[:]