[:kz]
Алматы облысының балаларына қорқынышты хабарламалар келуде. Онда «Бабадук» деген біреу бала хабарламаны 15 адамға таратпаса, «ата-анаңды өлтіреміз» деген қоқан-лоққы көрсетуде деп хабарлайды inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Фото: inalmaty.kz
Осыдан кейін қала тұрғындары Юлияға жаза бастаған.»Менің балама да осындай хабарлама келді. Оған сыныптасы жіберіпті. Қызым оған мән бермеген, бірақ аяғына дейін оқығанымда қатты таңғалдым», -деп жазды желі қолданушысы.
Қоғам белсендісі Жанна Ахметова жасөспірімдер мұндай хабарламаны ата-анасынан жасырып, «Бабадукқа» сеніп қалуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол Білім министрлігінің бұл жағдайға мән беруін өтінді.
«Ересектер ғылыми нақтылануы болмаса да, бақсы-балгерге, астролог, нумерологтарға сенеді. «15 адамға жіберсең, табысқа кенелесің» деген хабарлама келгенде оны таралып жатады ғой. Бәріміздің мінез-құлқымыз әртүрлі. Сондықтан кейбір бала сеніп қалуы мүмкін. Абай болу керек. Аналарға балалармен сөйлесуге кеңес беремін», — деді Жанна Ахметова.
Қапшағай қаласының білім бөлімі жағдайды бақылауына алды.
[:]