АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Аяқ қолы балғадай,екі беті алмадай келіншектер жазады[:]

[:kz]

 

Апай,екі балам бар.Күйеуім кетіп қалды.Көмектесіңізші.Емізулі әйелдің батасы қабыл деген.Каспий номерім….

Арнайы парақшасын ақтардым.Жанама парақша ашып қойып көмек сұрап отыр.Өз парақшасында күйеуімен бақытты, kfc да екі ұлымен ащы тауықты ортаға алып,шалқып отырған-ақ жас отбасы.

 

-Көмек беріңізші.Каспий номерім мынандай-деп аяқ қолы балғадай,екі беті алмадай келіншектер жазады.»Азық-түлік апарып берейік,мекен-жайыңызды,керек заттардың тізімін жазыңыз» дедім.Содан зымзия жоғалды.

Тағы біреуі «азық-түлік әкелуге жете алмайсыз-ау.Ақтөбе обылысы Шалқар ауданы Партизан деген ауылда тұрамыз» дейді.

«О,дәл сол маңда қайныларым тұрады.Үйіңнің адресін айта ғой,балаңа памперс,аздап азық апарып берсін» дедім.»Баламның памперсі жоқ, бұты қиылып шырылдап жатыр,көмек беріңізші» деп зарлап отырған келіншек мені блоктап тынды.Шамасы Ақтөбенің бір қуысын айтсам айламды асырам деп ойлаған болуы керек.Қайдан білсін,менің Шалқардың келіні екенімді.

Жаңа бір келіншек зар илеп жазады,жұмыссызбын,аш отырмыз,каспийіме ақша сала қойыңызшы,деп.Көрші жігіт үй жинайтын адам іздеп жатыр еді,бір бөлмелі үйін 10мың теңгеге өзім-ақ жуып беріп жүргенмін.Сіз келіп жуып берсеңіз.Шелек,шүберек бәрін мен берейін.Балаларыңызды қарай тұрамын,қайтарда балаларға тәтті,сұйық май,макарон салып берейін,дедім.

Өмірімде естімеген боқтық сөзбен сыбап, тұтқаны қоя салды.

Жап-жас келіншектер.Сұрауға әбден бейімделіп алған.Психологияңа ойнап неше түрлі сөздер айтады.Сәл тықақтасаң арты белгілі болып зып береді.Көмек сұрайтын арнайы парақшаны жасақтап алған.Алланы алдыға тартып, аруақты айтып,неше түрлі вилеолар салады.

…Масылдықтың тағы бір түрі.Олардың қасында бірдеңе оқытып,торт жасауды үйретемін деп жанталасып жүрген келіншектердің бетінен сүйгің келіп кетеді екен.

Бір келіншек қыстан қалған салаттарымнан сатып алыңызшы,деп жазыпты.Қаланың екінші басынан алып келіпті.Зілдей төрт банка қияр мен салаттары,алты айлық баласын көтеріп келіпті.Екі банка ғана алам дегем, басқа жаққа апара жатқан  екі банкасын да алып қалдым.Қолында бөпесі бар екен.Еңбегі жанса екен деп…

 

Гүлбағыш Бостан

Фейсбуктегі парақшасынан

[:]