АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Аяқтың әні: Нұрлан Әлімжанов атышулы «Опмай-Опмайды» сынға алды[:]

[:kz]

Бүгінде 27 млн қаралым жинаған «Опмай-опмай» әні көптің көңілінен шығып, «Азия» мен «Бақай» тобының өмірін күрт өзгертті. Ал атышулы әуенді тыңдаған Нұрлан Әлімжан бұл туындыны жеңіл-желпі жұмысқа теңеді деп жазады «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұрында «Азиялық» Ринатпен және аталған ұжымның алғашқы құрамындағы Азаматпен «Нар» триосында ән салған Нұрлан Әлімжанов «Опмай» әнінен рухани азық ала алмайтынын жеткізді.»Ойдың әні бар, жүректің әні бар және аяққа арналған ән» бар. Ол «аяққа» арналған әндер ғой. Таза «Опмай-опмай» деп. Басқа енді рухани азық емес қой ол. Әйтпесе жігіттер өзіміздің достарымыз», — деді ол.

Ал Нұрлан айтқан рухты әндерді «Азия» тобы осыдан бірнеше жыл бұрын жазған екен. Алайда, олар халық жүрегінен орын ала қоймапты.

«Бір жарым жыл бұрын «Біз жастарға сенеміз» деген ән шығардық. Болып жатқан жағдайларға байланысты. Көбісі неше түрлі хайпты қуалап кетті ғой. Бірақ сонда да біз жастарға сенеміз деген секілді, Мағжан Жұмабаевтың өлеңіне ән жаздық. Бірақ халыққа жеткен жоқ. Халық тыңдамады», — деді «Азия» тобының әншісі Ербол Шәріпов.

Әріптестерін әзілмен әжуалаған әншілер «Опмай-опмай» — ерен еңбектің жемісі деп отыр. Сондықтан, олар ән әлеміндегі олқылықтарды әрі қарай да әшкерелей бермек.

[:]