[:kz]
Әлеуметтік желіде көлігі бұзылып далада қалған азаматтың құлағы үсіп кеткен видеосы тарады. Белгісіз азамат видеода «бекер шығыппын жолға, құлағымнан айрылдым ау» деген өкінішін білдіреді. Кірпігіне шейін мұз қатқан азамат көлігінің бұзылып қалғанын, тиісті орындарға хабарласа алмай отырғанын айтады.
Артынша @patriotkaragandy аккаунтында ер адамның аман есен емдеу мекемесіне жеткізілгенін, бірақ «құлағын сақтай алмадық. Кесілді» деп жазған. Бұл ақпараттардың Қарағанды облысына тиесілі аккаунттарда тарағанына қарағанда, оқиға да осы облыста тіркелген секілді. Айта кетер жайт, қазір еліміздің көптеген облыстарында аяз күшіне еніп тұр. Синоптиктер аяздың беті әзір қайтпайтынын, сондықтан жолға да шықпау қажет екенін ескертуде.
Ертең де еліміздің 11 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде аяз 35-40 градусқа дейін жетеді. Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды облыстарында, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Ақтөбе және Атырау облыстарында дауылды ескерту жарияланды. Сонымен, 26-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 26 ақпанда түнде бұрқасын күтіледі. 26 ақпанға қараған түні кей жерлерде секундына 15-20 метр болатын жел соғады. Таразда жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. 26-28 ақпанда тұман түседі.
Қарағанды облысының кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде кей жерлерде 35-38 градустық қатты аяз күтіледі. Қарағандыда түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.
Жезқазғанда 35 градусқа дейін қатты аяз күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 40 градус қатты аяз күтіледі.
[:]