[:kz]
Алматы қаласының полиция департаменті Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікті туралы мәліметтерді айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың сөзінше, 1993 жылы туған күдікті Н. Алатау ауданы Нұркент шағын ауданында тұрған.
Ол Түркістан облысының тумасы. Қазір күдікті ауруханада жатыр. Өйткені ұстау кезінде ол өз өзін өлтірмек болып, мойнына пышақ жарақатын салған. «Оған ота жасалды, қазір палатаға ауыстырылып, жанына күзет қойылды. Ол қамауда, сауыққаннан кейін уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады. Күдікті өз кінәсін мойындады», — дейді Әбдірахманов.
Әбдірахмановтың хабарлауынша, марқұм қыз күдіктімен 16 наурыз күні әлеуметтік желіде танысқан. Полицияның дерегінше, күдікті мен марқұм арасында жанжал тауындап, салдарынан ер адам қызды өлтіріп тастаған. Қылмысын жасырғысы келген күдікті қыздың денесін бөлшектеген.
Қазіргі уақытта қылмыстың не себепті жасалғаны анықталуда. Барлық болжамдар мен нұсқалар тексеріледі. Сонымен бірге, жедел топ құрылған прокуратура да тексеретін болады. Күдікті маньяк па деген сауалға жауап берген арнайы прокурор Қанат Күнғожинов мұның тергеу барысында анықталатынын хабарлады.
Сондай-ақ, қылмыста каннибализм элементтерінің бар-жоғы анықталған жоқ. Одан бөлек, күдіктінің өлтірілген қызбен жыныстық қатынасқа түскен-түспегені анықталуда. Еске сала кетсек, Аяжан Еділованың туыстары марқұмның өліміне қатысты деректерді айтқан еді.
[:]