[:kz]
«Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті барысында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният марапатталды, деп хабарлайды ДСМ ресми сайтында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы ресми өкілі Кэролайн Кларинваль Ажар Ғиниятқа ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге атынан марапатты табыстады.
«Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа Ханс Клюге атынан және ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының және ДДСҰ-ның Қазақстандағы офисінің барлық қызметкері атынан марапатты табыстау мен үшін үлкен құрмет. Мен доктор Ғиниятқа Қазақстандағы пандемиямен күреске қосқан зор үлесі үшін алғыс айтамын, сондай-ақ сізге және Қазақстанның денсаулық сақтау саласының барлық қызметкеріне зор денсаулық, амандық тілеймін», — дейді Кэролайн Кларинваль марапатты Ажар Ғиниятқа табыстай отырып.
Ажар Ғиниятты марапаттау сәті. Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған еді.
[:]