АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әжемнен дарыған қасиет»: Айжан Нұрмағамбетова көріпкелдігі бар екенін айтты[:]

[:kz]

Айжан Нұрмағамбетова көріпкелдік қасиеті бар екенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда шығармашылығын қолына алып, ән жазуға кіріскен ол өзінің бойында ерекше қасиет барын, адамдардың көпшілігін айтпай танитынын жеткізді. Өнер иесі бұл қасиетін біресе жұлдызды жорамалдан деп ұғынса, енді бірде әжесінен дарыған деп түсінеді. 

«Маған дауысымды қалпына келтіру керек. Оншақты ән жазуым керек. Бірақ, мен жұлдызым бойынша шаянмын. Сондықтан, интуицам өте жақсы дамыған. Кейде бір адамның өтірік айтып отырғанын білемін, бірақ өзін ренжітіп алмайын деп үндемеймін», — дейді Айжан Нұрмағамбетова. 

Айжан ханымның айтуынша әжесі ерекше талантты болғандықтан өзінде де бір тылсым күш бар. Ол бұл күшті тексеру үшін көріпкелдердің байқауына да қатысып, көзін жеткізген. Дегенмен, әнші бұл үшін уақыт керек, ал менің өнерден өзгеге уақытым жоқ деп отыр. Түс арқылы аян беретін тылсым күштер туралы әнші ағынан жарылып айтып берді. 

«Әулетімізде әжеміз болды. Ол жазуды, оқуды білмесе де өлең шығаратын. Маған қасиет әжемнен дарыған. Мен қатты қызық болғаннан кейін арнайы көріпкелдердің байқауына қатыстым. Менде қасиет бар сияқты, бірақ оны дамыту үшін уақыт керек. Алайда, мен мүлдем басқа мамандықтағы адаммын.  Қалай номер дайындайын, образым нендей болмақ, не істеймін деп қатты ойланған кезде түнде түсіме кіреді. Ондай кезде шошып оянамын», — дейді Айжан Нұрмағамбетова.  

Stan.kz 

[:]