[:kz]
Екеуінің бірге роль ойнағаны көпшілік арасында дауға айналды.
Ажырасып кеткен Дәурен мен Ақбота бірге киноға түсті. Бұрынғы жұп бірге кинода роль сомдады. Бұл олардың ажырасып кеткеннен кейінгі бірге түскен алғашқы киносы. Өнер өкілдері кино картинада да ғашықтардың рөлін сомдады. Ажырасып кеткен Дәурен мен Ақбота “Мыстан” атты сериалда бой көрсетті.
Ақбота сүйіктісін базарда кездестіріп, өзін жүкті етіп тастап кеткеніне ашуланды. Көрермен бұл олардың өмірдегі бейнесі деп топшылады.
Екеуінің бірге роль ойнағаны көпшілік арасында дауға айналды. Бірі қолдау көрсетсе, бірі түсінбестік танытты.
“Олар өнер адамы. Қандай жағдай болмасын рольді сомдау керек”, “Ажырасып кеткен соң қайта ойнаудың не керегі бар?”, “Мен осыларды түсінбеймін, хайп қуып жүр ме?”, “Осы кинодан соң қайта жарасып кететін шығар”, “Олай болмайды олар енді қосылмайды, олар бір-біріне жұп емес”, “Бірге шынайы ойнады, Ақбота өмірдегі айта алмай жүргенін айтқан секілді”, “Бұл үшін актерліктің керегі жоқ”, “Жасандылық бар”, деп жазды желідегілер.
[:]