АЛТЫНОРДА
Блог Азимбая Гали

[:kz]Әзімбай Ғали Қарақалпақстанда ұлттық азат қозғалысы дамуы кезекті кезеңге жетті. [:]

[:kz]

Бұл жағдай Өзбекстанның жағдайының нашарлауымен қатар келеді. Егерде аталған екі үрдіс қатар жүре берсе, Қарақалпақстан егемендігі жүзеге асуы мүмкін. Сонымен, Өзбекстандағы жағдай нашарлай берсе наразылық акциялары күшее беруі ықтимал. Ары қарай, құдай сақтасын, үлкен көтеріліс басталуы ықтимал. Наразылықтың үш себебі бар көрінеді: бірі, ұлттық талаптар- тіл, дәстүр, оқу ісі мәселесі, екіншісі, әлеуметік наразылық, тұрмыстық кембағалдығы қатты бататыны көрінеді. Үшінші, саяси талаптар- мемлекеттік егемендік мәселесін көтергені байқалады. Өзбекстан билігі күндердің күнінде «жұмсақ» репрессиялардан халықты жаппай жазалау әрекеттеріне бару ықтимал. Сол тұста халық көтерілісі басталуы әбдән мүмкін. Мен өзім қазақстандық  болғандықтан басқа елдің ішкі істеріне араласқым жоқ.Бірақ қазақтың жағдайына жаным ауырады. Өзбекстан президенті  Мирзияев тиісті реформалар жасау жолына түссе, шет елдерден кредит алмаса жағдай түзелмес. Тауқыметтің қан төгіссіз, бейбіт  біткенін қалаймын. Қарақалпақстандағы  қазақтың жағдайы барлық бізді  алаңдатады. Қазақстан республикасы Өзбекстан мемлекетінің келісімімен атамекенге қайтамын деген қазақтарды оралман ретінде кезең кезеңмен  қазақтарды репатриация жасаса екен.Сонымен бірге Қарақалпақстан жұртшылығы арасында өзбек, қарақалпақ болып жазылып кеткен қазақтарының қазақтық миллетін мойындап, оларды да   қайтарса. Қазақстанның солтүстік өлкелері босап қалды, себебі орыс жұртшылығы , немістер,украиндер атамекеніне көшіп жатыр.Атамекеге қайтқан қазақ сол мекендерді шаруашылықты жаңғырта алар еді.Сол сияқты шағын қалаларда, тіпті облыстық орталықтарында  жұртшылық күр азайды.

Экологиялық, әлеуметтік, экономикалық қиындықтан халық шаршады. Сол сияқты қарақалпақтың бір бөлігі қазақ арасына сіңіуі мүмкін, бірақ қарақалпақтар шет елдерге босып кеткісі жоқ, олардың арасында өз елінің егемендігі мен әлеуметтік мәселелері үшін күрескісі бар.Егерде қазақ Қарақалпақстаннан көбірек көшсе сол өлкеде жұмыссыздық төмендер еді.

Кезінде Алты Алашта қазақ(Үш Жүз), қырғыз, қарақалпақ, ноғай бір мемлекетте болған. Сол мемлекет енді қайтып келмес, Алты Алаш мемлекеті бірегей хандарын сайлаған, екі ханына импичмент жәриялап, орнынан алып тастаған. Қырғыз ұлты демократияға жетті, бірақ олардың экономикалық реформасы сәтті болған жоқ. Ноғайдың бір бөлігі бөлініп кетіп, олар Дағыстанда тау халықтарының қысымын көріп отыр. Қазақстан сәтті экономикалық реформа жасап(1994-97жылдары), енді саяси- құқықтық трансфрмация жасамақ. Менің ойымша, қарақалпақ та еркіншілдік дәстүрді жалғасырмақ. Біз оларға тек конституциялық, құқықтық әрекеттер тілейміз. Сондықтан қарақалпақ жұртшылығы Батыс елдердің адам құқықтары қағидаларына ғана жүгініп , олардан араша сұраса, бейбіт жолмен барлық тауқыметтерін шешсе.

[:]