АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әзірбайжан Қазақстанды Армениямен соғыста көмектесуге шақырды[:]

[:kz]

 

 

Әзірбайжан Қазақстанның саяси және моральдық қолдауына мұқтаж. Бұл туралы Қазақстандағы елші Рашад Мәмедов журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Ол қазақ елі, Арменияға көмектесеме деп алаңдайды. Себебі, мемлекеттер арасында Ұжымдық Қауіпсіздік жөнінде келісім бар. Ал, оның шартына сәйкес, қажет болғанда олар бір-біріне көмек беруі тиіс. Елші мәселені бейбіт жолмен шешуге Қазақстан ықпал етеді деп сенеді.

 

«Біз Қазақстанның моральдық, саяси қолдауына мұқтажбыз. Біз ешбір жағдайда Қазақтанның тыныштығы бұзылғанын қаламаймыз. Қазақтар бізге бауырлас халық. Біз осы елдегі бейбітшілікті көздің қарашығындай қорғайтын боламыз. Армян халқына да ешқандай қарсылығымыз жоқ. Бастысы біздің президент айтқан шарттарды орындаса жеткілікті. Жерімізді қайтарып, әскерлерін ол аймақтан шығаруы тиіс», — деді Қазақстандағы Әзірбайжан Республикасының төтенше және уәкілетті елшісі Рашад Мәмедов.

Айта өтейік, 27 қыркүйекте басталған қақтығыс әлі басылған жоқ. Оның зардабын бейбіт халық көріп жатыр. Құрбан болғандардың саны туралы да нақты ақпарат әзірге жоқ. Қазақстан тарапы да жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, қос елді келіссөз жүргізуге шақырды. Әлем елдері мен халықаралық қауымдастықтар да сабырлыққа үндеді. Алайда, майдан әзірге тоқтайтын емес.
 

 

[:]