[:kz]
Ең пайдалы азық-түліктердің өзі дұрыс дайындамаса пайдалы қасиеттерін жоғалтады.
Қайнатылған көкөністер: ең дұрысы қысқа толқынды пеш
Көкөністер термикалық өңдеуге неғұрлым аз түссе пайдалы қасиеттері мен дәрумендері соғұрлым сақталады. Ал оларды қайнатудың ең тиімді тәсілі қысқа толқынды пешке салу. Келесі жолы шыны қазандағы көкөніске екі қасық су құйып, қысқа толқынды пешке салыңыз.
Орамжапырақ: ең дұрысы шикідей тұтыну
Орамжапырақты термикалық өңдеуге салғанда ол С дәруменінің 90% жоғалтады. Сондықтан оны шикідей тұтынуға тырысыңыз.
Кешью: ең дұрысы қуырылғандары
Кешью және басқа да жаңғақтарды қуырып жеген пайдалырақ. 260 градустық температурада 30 минуттай қуыру қажет.
Қызанақтар: ең дұрысы паста түрінде пайдалану
Зерттеу томат пастасында ликопиннің екі есе көп болатынын көрсетті. Бұл зат жүрек ауруымен және онкологиямен күреседі.
Батат: ең дұрысы кептіріп тұтыну
Батат (тәтті картоп) – ағзаға өте пайдалы өнім. Оның емдік қасиеті бар және диабетке шалдыққан адамдарға жақсы көмектеседі. Ол қандағы қант мөлшерін реттейді. Оны қуырып, қайнатып тұтынуға болады. Бірақ ең дұрысы кептіріп тұтыну.
Дереккөз: goodhouse.com.ua
То
[:]