[:kz]
Отағасы, белгілі журналист Серік Әбдуәлі 50 жастан асса, оның келіншегі Дана Райымжанова 25-те. Таяуда желі жұлдызына айналған атышулы жұп тағы да қазнетті дүр сілкіндірді деп хабарлайды alem_news_kz инстаграм парақшасы
⠀
Ойбой, маған көз тиді…
Не аңдыған көз тиді, не қаңғыған сөз тиді.
Болмасам да кәрі, ішіп жүрмін дәрі.
Көз тисе де, сөз тисе де, Tiktok-тан келді-ау бәрі.
Жаман қатты тиді. Жұрттың айтқан шалы.
Көре алмаса не деймін, аман болсын медигім.
Құдайдың қосқан жарым — өмірімнің мәні, көңілімнің нәрі.
25-тегі жары — 50-дегі ердің бағы.
Тіл-көз деген пәле, құрысын атамнан ары…— деді ел арасында шал атанып кеткен отағасы.
⠀
Серік Әбдуәлінің сырқатына қатысты жұрттың жорамалы тым басқа. Олар елуден асқан еркекке сөз де, көз де тимегенін айтып, басты мәселе — кәрілікте екенін жасырмай жазыпты.
Шал, мойындасаңшы, қуатың кетті ғой. Тіл-көзден көрме Жасы 50-де ме? Үлкен көрінеді екен Кеткен күш-қуатты сөз бен көзге жаппай-ақ қою керек шығар. Оны кәрілік дейді Мына шалға 50 емес, 75 сияқты
— деп жазды желідегі жұрт.
⠀
Күйеуінің күш-қуатына күмәнмен қараған көпшіліктің бұл пікірімен жас келіншек келіспейді. Әйелің күнде әдемі болып келе жатыр екен деп отағасына бағытталған пікірге Бағбан жақсы ғой деп жауап жазды Дана Райымжанова.
[:]