АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Байдың асын байқұс қызғанады». Болатты босқа жамандамайық[:]

[:kz]

Болат Назарбаев үндемей жүріп қайырымдылықпен айналысады екен.

Пәтер жалдап тұратын 5 баласы бар жесір әйелді танитынмын. Сол кісіге көптен бері көмектескім кеп жүрген. Ақшалай берейін десем, сол сәтте бере қоятын артық ақшам да болмады. Жағдайы ауыр болатын, деп жазады журналист Жолымбет Мәкіш.

– Содан ол кісіге қайырымдылықпен айналысатын ұйымдардан бір көмек алып берейінші деп сондай қорларды іздестіре бастадым. Іздеп жүріп жағдайы жоқ отбасыларға жәрдемдесетін бір қорды таптым. Мен барған кезде көмекке мұқтаж адамдардың тізімін жасап жатты. Тізімі толып қалыпты. Оларға жаңағы әйелдің жағдайын айтып, ай сайын 30-40 мың теңгенің азық-түлігін тегін алып тұратындай қылып тізімге енгіздім. Иығымнан бір жүк түсіп, әлгі жерден жеңілдеп қалғандай болып шығып келе жатыр едім, сыртта сондай бір кісілер қап-қап картоп пен макаронды мәшинесіне тиеп жатыр екен, — дейді ол.

Әңгімелесіп тұрсақ, ол қордың иесі Болат Назарбаев екенін айтады. Таң қалдым. 200-дей адамға осылай ай сайын тегін азық-түлік таратып тұрады екен. Бәрі жетім-жесірлер. Осыдан 2 жыл бұрын Болат Әбішұлының жетім-жесірлерге көмектесіп, Ұшқоңырдан оларға 18 үй алып бергенін жарыса жазғанбыз. Сөйтсем, ағамыз үндемей жүріп қайырымдылықпен айналысады екен. Қызылағашты су басқанда да сондағы бір жігіттер айтқан. Болат Назарбаев сол кезде қайғы-қасірет шегіп жатқан ауылға барып, өз ақшасына 10 үй салып беріп кетіпті.

– Әншейінде әлеуметтік желідегілер жерден алып, жерге салып жататын Болат Назарбаев сол сәтте көз алдымда басқа адамға айналып шыға келді. Сырттай сөккенімізбен, кейбір адамның жан дүниесіне үңіле бермейміз. Кейде біз сараң, қатыгез деп жүрген адамдар жомарт, жүрегі жұмсақ болып шығып жатады. Шардара туралы өткенде бәрі жаппай жазып жатқанда, өзім үндемей қоя салғам. Палау жеп, көкпардың қызығын көруге барған адамдар мен митингке шығатындардың арасынан ешқандай байланыс таба алмадым. Хайп қуалағандардың көбі оны іліп әкетіп, тойға барғандарды жазғырып жатты. Қазақтың бар байлығын қалтасына басып жатқан Машкевич пен Шодиевтердің біреуі осы сондай нәрсе істемейді ғой. «Байдың асын байқұс қызғанады» демекші, қуанышын қазақпен бөлісіп жатқан Болатты мен де соларға қосылып жамандағым келмеді, – дейді журналист.

Zakon.kz 

[:]