АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Байдың қыздарының басым көбі неге эгоист?[:]

[:kz]

Байдың қыздарының басым көбі неге эгоист?

Сауда қатары. Тұсымда екі әйел тауар таңдауда. Бірі:»Қолдағы келінге алып жатырмын. Ойбу, » Кезінде қарапайым отбасының қызы» деп мұрын шүйіріп ем, күніме жарап отыр. Кенже келін байдың қызы. Төбемнен құй қазып жібереді. Әкесінің малына сеніп бедірейгенде, бетін тілсең қан шықпайтынның нағыз өзі. Әкесі сыйлаған үйде отырып, бізге әрең келеді».

Екінші:»Ойбай, байдың қызының кәнсертін мен көргем. Кіші келін түскенше баланы шыдатпай, әкетіп тынды. Қалай пәтерге шықты, екі күннен соң шешесі төрт бөлмелі пәтер сатып әперді. Балама міндетсінгенде, мойына мініп алды. Кіші келін жоқ-жітік жерден шыққан. Төбесін ойсаң да қыңқ демейді. Жұмыстан қолым босап, жаным кіріп қалды»
Әрі қарай құлағымды аяп, басқа бетке өтіп кеттім. Бірақ… Сонда қалай, «малы бардың» қызының мінез-құлқы малмен теңеліп кеткені ме? Қарапайым отбасының қызы бар мен жоқтың қадырін біледі ғой. Әрине, бәрі бірдей емес. Сонда да, байдың қыздарының басым көбі неге эгоист? Ол малды өзі тапқан жоқ қой?

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан

alashainasy.k

 

[:]