[:kz]
21 000 теңге көлеміндегі жәрдемақы кімге қалай беріледі?
Қазақстанның заңы баршаға ортақ. Яки 21000 теңгенің берілу заңдылығы да бірдей болуы керек!
Байқаймын осы АӘК-ті алу жолдарын әр өңір әрқалай түсіндіретін секілді.
О баста министр көкеміз түсіндіргенде «АӘК баланың қажеттілігіне жұмсалу керек» ~деген болатын. АӘК шартты және шартсыз болып екіге бөлінеді. Шартсызы , асыраушысы жоқ немесе, отбасы құрамында еңбекке жарамсыз жандар болса тиесілі, ал шарттысы толық отбасына тағайындалады. Екеуі де, ай сайын төленуі тиіс.
Үш айда бір жинап аламын десеңіз де өз еркіңіз .
Шымкент қаласында дәл осындай тәртіппен беріліп жатыр, алып жатқандар растайды.
Ал, Шымкенттің жанында тұрған біздің аудан не дейді?
АӘК шартты қаржылай көмек үш айда бір төленеді. Ол ақшаға қандай да бір кәсіп ашу міндеттеледі. Мал, тауық алып, сүт , жұмыртқасын сатасың немесе, шаштараз иә болмаса басқалай кәсіп ашасың, қысқасы тиісті мекемеге отчет беруің керек.
Өйтпеген жағдайда, мемлекет берген ақшасын қайтарып аладымыс .
Түсінбейтін тағы бір нәрсе, тиісті орындар қаңтар, ақпан, сәуір айының айлық көрсеткішін есептейді де, құжат тапсырған күннен кейін , үш айдан кейін ғана АӘК ала аласыз — дейді.
Сонда біз маусым айының аяғында барып АӘК ~ке қол жеткізеді екенбіз.
Қол жетсе әрине.
Қ ала мен аудандардағы АӘК беру тәртібі неге екі түрлі ~деген сауалға аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы «Қалада барлығы көп қабатты үйде тұрады, ал ауданда ауылды жерде тұратын жұмыссыздар көп. Солар кішігірім кәсіп ашып немесе, сиыр тауық алып күнін көруі керек! » дегенде түсінгендей болғанмын.
Жаңақоран ауданына қарасты бір ауылда тұратын туысым АӘК ай сайын алатынын және оған пәлен нәрсе алуы керек~ деп міндеттемегенін , ешкімнің тексермейтінін
айтқанда, әр аудан өзінше заң шығарып алған ба- деп таңқалумен болдым.
Мейлі қаланы қала делік. Ал, аудандарға қойылатын талап қаладан бөлек болатын болса, Жаңақорған ауданыны да, Сайрам ауданы секілді аудан емес пе?
Соған қарағанда біз жақтағылар баяғы «Өрлеу»деген ескі қамытын шешпеген сияқты.
Ескерту
Пока ешкімді кіналап отырғаным жоқ. Бәлки, қала мен басқа аудандағы мамандар түк білмес, біздікі ғана біләрман шығар.. .
(Біреу-біреудің жалғызы, немесе балдызы, Танысы бардың шансы бар-деген қатынастар барлығымызда бар. Бірақ, ол елдің заңын өз қолымен өзгерту ~деген сөз емес қой!)
Жоғарыдағы мәселелерді бүге-шігесіне дейін түсіндіріп, жілігін шағып, майын алып беретін мамандар жауап беріңіздердерші өтініш.
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан
[:]