АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Байқоңырда алаяқтар жоғалған балаларды іздейміз деген сылтаумен ақша жинаған[:]

[:kz]

 

Байқоңыр қаласында жоғалып кеткен екі баланы іздеуге көмек сұрап желі арқылы ақша жинаушылар табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде Байқоңыр қаласында жоғалған балалардың ата-анасына қаржылай көмек керек деген желеумен жалған деректер арқылы ақша жинаушылар анықталды. 

 

«Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті жүргізетін барлық іздеу-құтқару шараларына қаражат мемлекеттен қаралған. Сондықтан да төменде көрсетілген алаяқтардың жалған ақпараттарына сенбеулеріңізді, сонымен бірге тексерілмеген ақпараттарға алданбауларыңызды сұраймыз. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес алаяқтық жасағандығы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз», — деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли. 

Еске сала кетсек, 1 ақпан күні Байқоңырда жеті жастағы екі бала жоғалып кетіп, олардың бірі өлі күйінде табылды. Бұл туралы Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлаған болатын. 

Ал кеше екінші баланы іздеу жұмыстарының жалғасып жатқандығы хабарланды. 

[:]