[:kz]
Тамыз айының 1 жұлдызында Байқоңыр қаласында 5-6 жасар балалар кетіп бара жатқан қыздың көзін таспен ұрып шығарып жіберді. Сондай-ақ, дәрігерлер жоқтығынан отаның тек бір тәуліктен кейін ғана жасалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиғаның мән-жайын Йоханна Ақбергенова баяндап берді.
«Бүгін бір қорқынышты оқиға туралы естідім: менің 2-сыныпта оқитын сіңілім 10 күн жансақтау бөлімінде жатқан. 5-6 жастағы балалар үйдің шатыры мен сарайларда бір-біріне тас лақтырып ойнап жүрген. Осы сәтте жолдан өтіп бара жатқан сіңілімнің көзіне тас тиіп кеткен екен. Тас қыздың көзін ағызып жібергендіктен, ол сол жерде отырып жылаған», — дейді Йоханна Ақбергенова.
Бұл кезде әйелдің сіңілісі Байоңыр маңындағы Ақай ауылындағы әжесінің үйінде болған. Шақырған жедел жәрдем араға бір сағат салып, кешкі сағат 9-дан кейін келген. Осылайша бала Байқоңыр ауруханасына жеткізіледі. Алайда қалада мүлдем маман жоқ болғандықтан, ата-анасы қызды Қызылордаға өздері жеткізеді. Байқоңырдан Қызылордаға жету үшін шамамен 4-6 сағат қажет. Осылайша арада 9 сағат өткеннен кейін қыз ауруханаға жатқызылады.
«Өкінішке орай, Байқоңырда қорқынышты жағдайлар болып жатыр. Медицина қызметкерлерін 2007 жылдан бастап қысқартуға уәде берген. Екінші қалалық аурухана ғимаратын қарттар үйіне айналдырмақ болған. Жаңа перзентхана жабылған. Сондай-ақ, балалар ауруханасы жабылған. Мен бұл нәрсенің немен байланысты екенін білмеймін – қаржы ма әлде басқа нәрсе ме? Бірақ Қазақстан мен Ресей халқы тұрып жатқан Байқоңырда адамдардың медициналық көмексіз қалып отырғаны факт. Егер балалар емханасы жабылмағанда, балалар окулисі қаладан басқа жаққа жұмыс іздеп кетпес пе еді кім білсін?» — дейді әйел.
Әрі қарай ол Қызылордадағы дәрігерлердің баланы шұғыл отаға алғысы келмегенін бөлісті. Бұл баланың Қызылордада тұрғылықты мекенжайының жоғымен байланысты болған. Сол ауруханада қыздың туыстары жұмыс істейтін болғандықтан, дәрігерлер ақыры оған көмектесуге келіскен.
Дәл қазір дәрігерлер қыз екінші көзінен де айырылуы мүмкін деген қауіптің бар екенін айтады. Мұнымен қатар, қыз бала тірі қалған жағдайда оның өмір бойы басы ауырып өтеді.
«Менің сіңілім – ақылды қыз. Мен оны соңғы рет 5 жасында көргенмін. Ол балабақшада жүріп оқып, өмірге деген құштарлығы мол болатын. Оның бар өмірі алда еді. Тіпті, тірі қалды дегеннің өзінде ол соқыр болады. Мүгедектігі бар балаларға жағдай жасалмаған Қазақстан секілді мемлекетте бұл жақсы емес. Ол мектепке барады, басқалар оның үстінен күлетін болады. Ол жасөспірім болғанның өзінде оның үстінен күлетін болады», — дейді Йоханна Ақбергенова.
Мұнымен қатар, ол сіңілісінің ешуақытта актриса немесе тележүргізуші бола алмайтынын айтып өкінді.
«Сіңілімнің алдында қаншама мүмкіндіктің есігі жабылды. Әңгіме тек актриса немесе тележүргізуші сынды мамандықтар туралы болып жатқан жоқ. Қыздың көзсіз қалғанына кім жазықты? 5 қызы өртенгені үшін ерлі-зайыпты Ситтерді айыптағандар тілдеріңізді тістеңіздер. Меніңше, қоғам кінәлі. Бізде батыр тәрбиелейміз деп зорлық, таяқпен төбелесіп, бір-біріне тас лақтыруға норма ретінде қарайды», — дейді ол.
Сондай-ақ ол Байқоңырда балалар емханасының жоқ екеніне наразылығын айтып, сауалының шенеуніктерге бағытталып отырғанын жеткізді. Айтуынша, Қызылорда дәрігерлері мен шенеуніктері қыздың жолға жарамайтынын айтқан. Сөз соңында Йоханна Ақбергенова қазақстандықтардан ұл балаларға жақсы тәрбие беруді өтінді.
[:]