[:kz]
Байқоңырда «Союз-6» және «Союз-5» орташа және орташа ауыр зымырандарды ұшыру үшін салынып жатқан ғарыш-зымыран кешені Қазақстанның Тұңғыш президентінің құрметіне аталды. Бұл туралы ресми хабарлама Роскосмос сайтында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Назарбаев старты» — ұшыру кешені осындай жаңа атауға ие болды.
Атауды өзгерту туралы ұсынысты Владимир Путин Мәскеудегі Елбасымен кездесуі кезінде айтқан еді. Олар ВДНХ-дағы Қазақстан павильонына барды.
Бұрын салынып жатқан кешен «Бәйтерек» деп аталды. Оны құру туралы келісімге 2018 жылы Байқоңырда қол қойылған болатын.
Алғашқы зымыран 2022 жылы жаңа кешеннен ұшырылады деп болжануда.
[:]