[:kz]
Әлеуметтік желіде Байқоңырдағы көпқабатты үйдің ауласында болған ұрыс-керіс түсірілген видео пайда болды. Кадрларда атыс дыбыстары естіледі. Видеода болған оқиғаларға аймақ полициясы түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео kazakhvideosy Instagram парақшасында жарияланған. Астындағы жазбаға қарағанда, жанжал Байқоңырда түсірілген. Кадрда бір бағытта жүгіріп келе жатқан жастар тобы көрсетілген, айқайлар естіледі, содан кейін бірнеше атыс дыбыстары естіледі.
Мұның бәрі балалар ойнайтын тұрғын үй ауласында орын алған. Видеоны баласын ауладан үйге алып кіруге шыққан әйел түсірген. Кадрларда айқасқа дейін аулада ойнап жүрген қыз бірнеше адам біреуге жабылғанын айтады.
Қызылорда облысы полициясының Tengrinews.kz-ке хабарлауынша, оқиға 4 мамыр, дүйсенбі күні болған. Екі топтың арасында қақтығыс болғаны анықталды. Ешкім полицияға және ауруханаға хабарласпаған, жарақат алғандар жайлы ақпарат жоқ.
Полиция хабарлағандай, бұзақылық фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Келісімге сәйкес Байқоңыр аумағындағы қоғамдық тәртіпті Ресей Федерациясының полициясы қадағалап отыратыны атап айтылды.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған!
ВИДЕО: www.instagram.com/kazakhvideosy/ alashainasy.kz
[:]