[:kz]
Telegram- Mash арнасы ресейлік актриса Анастасия Заворотнюкты өкпенің жасанды тыныс алу аппаратына қосқанын хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Mash Telegram-каналы Анастасия Заворотнюктың жағдайы күрт нашарлап кеткенін, қазір жансақтау бөлімінде екенін хабарлаған еді.
Кейін актрисаға мидың қабынуы диагнозы қойылғаны да айтылған болатын.
Алайда кейінірек актрисаның өкілі Стас Храмов Анастасияның өзінің жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпаратты жоққа шығарғанын хабарлаған болатын.
[:]