[:kz]
Қырғызстанда экс-президенті Алмазбек Атамбаевты «тергеуге мәжбүрлеп жеткізу» операциясы кезінде мерт болған МҰҚК «Альфа» арнайы жасағы командирінің орынбасары, полковник Усенбек Ниязбековтің қазасына күдікті ұсталған. Бұл туралы ақпаратты жәбірленуші тараптың адвокаты растады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметіне сілтеме жасаған Азаттық радиосы.
Арнайы қызметтің дерегінше, бұл іс бойынша ішкі істер министрлігі тергеу жүргізіп жатыр.
ІІМ бұл жөнінде ақпарат кейін берілетінін айтқан.
Еске сала кетейік, Қырғызстанда «Альфа» арнайы жасағының елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы сәтсіз аяқталған еді.
Ауыл тұрғындары араласқан қақтығыстан 80 адам жарақат алып, арнайы жасақтың бір қызметкері Усенбек Ниязбеков оққа ұшқан болатын.
Екінші күні күштік құрылымдарға экс-президенттің өзі беріліп, Атамбаев 26 тамызға дейін қамауға алынды.
Ал марқұмды 9 тамызда Бішкек маңындағы Ала-Арча зиратына жерлеген.
[:]