АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]БАҚ: Бекболат Тілеуханның келіні Тоғжан Қожалиева не бүлдіріп жүр? (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Ұлттық парктің қақ төрінен ойып алған аумақты биік шарбақпен қоршап, қалталы туристер мен дөкейлер демалатын бірнеше коттедж қонақ үйдің құрылысын бастап кетті.

«Тұмса табиғатты аялайық». Мемлекет қорғауына алынған ұлттық парктерде жөн-жосықсыз құрылыс жүргізуге табиғат жанашырларының бәрі қарсы. Солардың бірі – атақты Тілеухандар отбасының келіні Тоғжан Қожалиева. Ол псевдооппозициялық «HAQ» ұйымының жетекшісі. Экологиялық сананың толысуына үлес қосушы ұйымның іле алатауы паркін қорғау үшін жанын салып, жанталасып жатқан қоғамдық кеңестің белді мүшесі де Тоғжан Қожалиева, деп хабарлайды kznews.kz 1612TV youtube арнасына сілтеме жасап.

Бұл Тоғжан Қожалиева бет-бейнесінің халыққа көрініп тұрған жарық жағы ғана. Оның көлеңкесінде қарауытып көрінбей тұрған не нәрсе? Тоғжан халықтан, қоғамдық кеңестен не жасырады?

2011 жылы Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі мен «РОСИМПОРТЦЕМЕНТ» ЖШС деп аталатын фирма еліміздің қоршаған ортаны қорғау мақсатында шығарылған заңдарын белден басып, қорықтың 2 гектардан астам жерін жалға алып, игеру жөнінде келісімшарт жасады. Ол кезде «РОСИМПОРТЦЕМЕНТтің» бұл жерді қандай мақсатта пайдаланатыны белгісіз еді. Көздің қарашығындай сақталуы тиіс табиғи паркте ауыр құрылыс жүргізуге тыйым салынған. Соған қарамай «РОСИМПОРТЦЕМЕНТ» «Ak Kain Spa Hotel Chalets and Residents» деп аталатын бизнес жобаны бастап кетті. Ұлттық парктің қақ төрінен ойып алған аумақты биік шарбақпен қоршап, қалталы туристер мен дөкейлер демалатын бірнеше коттедж қонақ үйдің құрылысын бастап кетті.

Сонда тұмса табиғатты сұқ қолдардан қорғаушы қоғамдық кеңес мүшелері заңды белшесінен басып, экологияны бүлдіріп жатқан кім деген сұраққа жауап таппай дал болған. Қоғамдық кеңес мүшесі Тоғжан Қожалиева да түк білмейтін адамдай мүләйімсіп, басын салбыратып, жай ғана қара көрсетіп алаң жұрттың қатарында жүрді. Оның дәл осы тұста үнсіз қалуы бекер емес екен. Сөйтсек, «РОСИМПОРТЦЕМЕНТ» жекеменшік фирмасы халық жанашыры Тоғжан Қожалиеваның күйеуі Мейрам Тілеуханға тікелей қатысы бар болып шықты. Тоғжанның енесі Әлмағамбетова Әлия Сейілбекқызы «РОСИМПОРТЦЕМЕНТ» ЖШС құрылтайшыларының бірі Мейрам ұлтымыздың жанашыры Бекболат Тілеуханның ағасы Рамазанның үлкен ұлы. Тоғжан келіннің Іле Алатауы табиғи паркін бүлдіріп жатқан отбасылық фирманың төркіні кімге барып тірелетінін қоғам белсенділеріне айтпай, тілі кесіліп, жұрттан жасырып қалуының себебі осы.

Іле Алатауының төріне қамал салып бекініп, заңсыз құрылыс салып алған «РОСИМПОРТЦЕМЕНТ» Алматы қалалық сәулет құрылыс басқармасына элиталық коттедждер құрылысын жүргізуге рұқсат беруді сұрап өтініш жазады. Басқарма мамандары аталған аумақ ерекше қорғауға жататын табиғат екенін, онда қызыл кітапқа енген ағаштар барын айтып, құрылыс жүргізуге рұқсат бермей қояды. Оған қанағаттанбаған «РОСИМПОРТЦЕМЕНТ» өкілі қалалық сәулет басқармасын сотқа береді. 2019 жылдың 23 ақпан күні қалалық экономикалық сот арызданушының арызын қанағаттандырмай тастайды. Заңсыз салып қойған құрылысының бұзылу қаупі төнген соң, «РОСИМПОРТЦЕМЕНТ» жоғары инстанцияға шағымданды. Аппеляциялық алқа қалалық соттың шешімін бұзып, сәулет басқармасына құрылыс жүргізу рұқсатын беруді міндет дейді.

 Skifnews.kz ақпарттық порталы.

[:]