[:kz]
Нью-Йорк полициясы 24 жастағы Махаббат Әбдуәлиеваны тұтқындады. Ол алаяқтық жасады деп айыпталып отыр.
Бұл туралы CBS NewYork арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
24 қаңтарда полиция алаяқтық жасады деп күдіктелген Махаббат Әбуәлиеваның тұтқындалғаны туралы мәлімдеді. Бойжеткен 2018 жылдың сәуір айынан бері өзін жылжымайтын мүлік бойынша агентпін деп таныстырып, бірнеше адамды тонап кеткен. Ол өзін риэлтор ретінде көрсетіп, пәтерлер туралы хабарламаларды тарату үшін Facebook желісін қолданған.
БАҚ мәліметінше, сонымен қатар тағы бір ер адам жылжымайтын мүлікті жалға беру арқылы алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Ол әлі бостандықта жүр екен.
USA.one басылымы таратқан мәліметкен сәйкес, алғашқы алаяқтық жағдайы 2018 жылдың 30 сәуірінде болған. 22 жастағы әйел Әбдуәлиевадан пәтер жалдамақ болып, кепіл ретінде 500 доллар қалдырған екен. Сол күні қазақстандық қыз сол пәтерді басқа әйелге жалға беріп, одан 200 доллар көлемінде ақша алыпты.
Арада бірнеше ай өткеннен кейін Мидвудте тағы бір оқиға орын алды. Ол кезде 25 жастағы әйел Әбдуәлиеваға 700 доллар беріп, сан соғып қалған.
Ал әлеуметтік желіде Махаббат Әбдуәлиеваның қүұжаттарының суреті тарады. Онда қыздың Қазақстан азаматы екені көрсетілген.
Stan.kz
[:]