АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]БАҚ: Ресейлік астықсыз қалса әлемде аштық орнайды[:]

[:kz]

Германияның Deutsche Wirtschafts Nachrichten басылымы соңғы апталарда әлемдегі бидайдың құны күрт өскенін хабарлады. Бұл жаһандық аштықты тудыруы мүмкін деп болжануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Commerzbank сарапшысы Карстен Фритч Ресей мен Украина бидай жеткізілімінің 30 пайызын құрайтынын атап өтті. Оның сөзінше, қазір бұл елдер басқа мемлекеттерден бөлініп кетті, сондықтан ол ресейлік астықсыз жаһандық аштықты болжады.

«Бидай бұрынғыдан да қымбаттайды және көптеген елдерде аштық дағдарысы жақындап келеді», — деп жазды басылым.

Жарияланымда бидайдың ірі экспорттаушылары — Еуроодақ, Ресей, АҚШ, Канада, Украина, Аргентина, Австралия және Қазақстан резервтерінің азаюы астықпен қамтамасыз ету дағдарысын тудырып, оны ауыр ететіні жазылыпты.

Қазіргі уақытта астық қоры 57 миллион тонна, бұл тоғыз жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Мұндай көлем әлемге 27 күнге жетеді, ал Ресей мен Украинаның ресурстарынсыз 21 күннен аз.

Бұған дейін бидай бағасы көпжыл бойынғы көрсеткішті жаңартқаны белгілі болды. 3 наурызда Чикаго тауар биржасында (CME) оның құны астық жеткізілімінің үзілуіне байланысты 2008 жылдан бастап ең жоғары деңгейге көтерілді.

[:]