[:kz]
Әлеуметік желіде видео үндеу жарияланды.Онда жас жігіттің өткен жылы жазда әріптесі шабуыл жасап, зорлап болған соң, барлығын камераға түсіріп алғанын айтқан.
Қазіргі уақытта арам ойын іске асырған басшысы басқа жазамен колонияда жазасын өтеп жатқанын да жеткізді.
Алайда, порталдың жазуынша, полиция қызметкерлері видеоны зерттеп, күтпеген шешімге келіпті.
Іс бойынша негізгі күдіктіні басқа адам деп таныған. Ол экс-шенеунік және Шымкент мемлекеттік кәсіпорынының бұрынғы директоры болып шығыпты.Ер азамат барлық айыппен келіспейтінін айтып, оған жала жабылғанын алға тартты.
Оның сөзінше, айыптау тек оның дауысына бола негізделіпті. Оның мәлімдемесіне сәйкес, белгісіз адам зорлаған видеоны желіге салған.
Күдікке ілінген азамат айыптаушыға жақындағанда шыққан дауыс оған массаж жасап жатқан кездегі дыбыс деп түсіндірді деп жазады басылым.
Шымкенттің сарапшылардың пікірінше, видеоның түпнұсқалық дыбысын анықтау мүмкін емес. Іс сотқа жіберілді.
Порталдың айтуынша, экс-шенеунікке бірнеше баптар бойынша, атап айтқанда, қызтекелік, жеке өмірдің құпиясын жария ету, жемқорлық және мемлекеттік мүлікті ұрлау айыбы тағылған.
Істі Әл-Фараби соты қарастыруда.
[:]