АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бақытбек Есентаевтың қарындасы қызын құтты орнына қондырды (видео)[:]

[:kz]

 

 

Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева қызын құтты ұясына қондырды. Әйгерімдей бойжеткеннің ұзату тойы 9 ақпан күні Алматыда өткен, деп жазады Stan.kz.

«Жүрегімнің ішіндегі жүрегімді аманат етіп, үзіп бердім. Тамырын тереңге жайған, текті әулеттің ұрпағына. Барған жеріңді бақытты ет жарығым. Бүгінгі бала келін, ертеңгі сол әулеттің дана келіні болуыңды тілеймін. Сол әулеттің шаңырағын жайнатып, қазанын қайнатып, берекесін асырып отыратын көрегенді келіні бол», — деп бөлісті Баян Алагөзованың экс-қайын сіңлісі.

Ол қызын Артур есімді жігітке ұзатқанын да айта кетті.

Айта кетейік, абақтыда жатқан Бақытбек Есентаевтың жиен қарындасы Әйгерім Қалиева былтырғы жылы «Баян сұлу» байқауына қатысқан болатын.

stan.kz

[:]