АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Бақыттымын»: 36 жастағы Мақпал Исабекова жақында тұрмыс құрмақ (фото) [:]

[:kz]

 

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Мақпал Исабекова ресми түрде қалыңдық атанды. 36 жастағы әншінің сүйіктісі оған үйленуге ұсыныс жасап, оның «иә» деген жауабын алған деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бұл қуанышты жаңалықты қалың көпшілікке өнер иесінің өзі жария етті. Бақыттан басы айналған әнші Instagram парақшасында ұсыныс жасалған күннен фото жариялап, жақында тұрмысқа шығатынын хабарлады.

 

Аталмыш суретте Мақпал Исабекованың мейрамханада күлімдеп отырғанын көруге болады. Ал екінші фотода эстрада жұлдызы ғашығының өзіне тарту еткен гүл шоқтары мен сақинасын паш еткен. «Мен сені сүйемін. Бақыттымын. Бүгін мен өзімнің сүйіктімнің қалыңдығы атандым» , — деген жазба қалдырды ол. Өнер иесінің жанкүйерлері бұл жаңалыққа аса қатты қуанғаны анық. Олар Исабековаға әрдайым тез арада тұрмысқа шығып, балалы болуын тілеп келген болатын. Қалың көпшілік бірден әншіні қалыңдық атануымен құттықтап, өз жүрекжарды тілектерін жолдап жатыр.

«Бақытты бол. Сен соған лайықсың» , «Осы күнді қанша уақыт күттік. Жеттік-ау, сен үшін қуаныштымын» , «Қандай керемет жаңалық. Жарайсың. Бақытты болыңдар» , «Сендер үшін қуаныштымын. Бақытты болыңдар» , «Үлгі тұтар отбасыға айналыңдар» , «Көптің тілеуі орындалды. Мақпал тұрмысқа шыққалы жатыр» , «Бұл жаңалыққа сенер-сенбесімді білмей қалдым ғой. Недеген тосын сый. Қуаныштымын. Тек қана бақыт тілейміз» , — деп жазды желі қолданушылары.

kaz.nur.kz

[:]